Жоғары аудиторлық палата: Қорғаныс министрлігінде ауқымды тексеріс басталды
tiek
Жоғары аудиторлық палата: Қорғаныс министрлігінде ауқымды тексеріс басталды
Жоғары аудиторлық палата қорғаныс министрлігін тексере бастағанын хабарлады “Жоғары аудиторлық палатасы қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне, сондай-ақ әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне мемлекеттік аудит жүргізуді бастады” деп жазды ведомствоның телеграм-парақшасы. Хабарламада басқа ештеңе айтылмайды. Бір күн бұрын қорғаныс министрлігін “кешенді тексеретін” комиссия құрылған еді. Оның құрамында жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов та бар.