Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды. Орнына Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2022 жылғы қаңтардан бастап басқарды. Биыл тамызда бұл лауазымға қайта тағайындалған болатын.