Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты қарсы алды
tiek
Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты қарсы алды
Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Президент оркестрі Қазақстан мен Оманның әнұрандарын шырқады. Бұдан соң мемлекеттер басшыларының келіссөзі басталды.