Ақтөбедегі Неке сарайында әйелді өлтіріп кетті: күдікті ұсталды
tizgin
Ақтөбедегі Неке сарайында әйелді өлтіріп кетті: күдікті ұсталды
Полиция әйелді өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Tizgin.kz. “Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген хабарламада. Оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмыстың себептері мен салдарын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның Неке сарайында болғаны бұған дейін желіде хабарланған еді.