Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды, — деп жазылған Ақорда хабарламасында.