Атырауда төрт адам мінген лифт үшінші қабаттан құлап, үш тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады tiek.kz. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы тұрақты. Тағы бір адам медициналық көмектен бас тартқан. Оқиға 5 қазанда Құлманов көшесі, 1Б мекенжайындағы «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінің «Б» блогында болған. Лифт құлаған кезде оның ішінде төрт адам болған. Жедел жәрдем қызметкерлері …