Спорт

Көшпенділер ойыны: Айкөркем дәстүрлі садақ атудан күміс жүлдегер атанды
Спортtiektiek

Көшпенділер ойыны: Айкөркем дәстүрлі садақ атудан күміс жүлдегер атанды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан Астана қаласының спортшысы Айкөркем Батихан күміс жүлдеге ие болды. Бішкек және Шолпан-Ата қалаларында өтіп жатқан жарыста ол әйелдер арасындағы «Орта Азия» нысанасы бойынша 40 метр қашықтықтан сынға түсті. Бұл бәсекеге әлемнің 51 елінен 80-нен астам мерген қатысты. Айкөркем Батихан іріктеу кезеңінен өтіп, финалға жолдама алды. Шешуші кезеңде астаналық …

Шекарасыз спорт: Қазақстанда ерекше балаларға арналған гимнастика мен парақұзға өрмелеу дамиды
Спортtiektiek

Шекарасыз спорт: Қазақстанда ерекше балаларға арналған гимнастика мен парақұзға өрмелеу дамиды

Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа спорттық бағыттар қолға алынуда. Атап айтқанда, Анна Алябьеваның көркем гимнастика мектебі адаптивті гимнастика бағытын ашатынын мәлімдесе, Альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясы параспорт федерациясын құру туралы бастама көтерді. Бұл жаңалықтар Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) ұйымдастырған «Қазақстандағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау: заңнамалық негіздер және іске асыру тетіктері» …

Көшпенділер ойыны: Қазақ көкпаршылары қырғыз құрамасынан жеңіліп қалды
Спортtiektiek

Көшпенділер ойыны: Қазақ көкпаршылары қырғыз құрамасынан жеңіліп қалды

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан жарыс мәресіне жетті. Финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасымен кездесіп, 7:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша қазақстандық көкпаршылар бұған дейінгі екі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіп алған чемпиондық атағын қорғай алмады. Финал қорытындысы бойынша Қырғызстан құрамасы Қазақстанды 7:2 есебімен жеңіп, көкпардан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды. Қазақстан құрамасы күміс …

Қазақ спортшыларының үш алтыны есепке алынбады: көшпенділер ойындарының қорытынды есебі дау тудырып жатыр
Спортtiektiek

Қазақ спортшыларының үш алтыны есепке алынбады: көшпенділер ойындарының қорытынды есебі дау тудырып жатыр

Қырғызстандағы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастыру комитеті жанжалға байланысты әлеуметтік желілердегі және ресми сайттағы медальдар есебін өшірді, деп хабарлады Stan.kz. Жарыс бағдарламасы 6 қыркүйекте аяқталды. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі қорытынды жасап, ұлттық құрама қоржынына 32 алтын медаль түскенін хабарлады. Осылайша Қазақстан қорытынды медальдар есебінде бірінші орында болу керек еді. Алайда кейін Көшпенділер ойындарын ұйымдастырушылар …

Тоқаев Көшпенділер ойындарында жеңіске жеткен спортшыларды құттықтады
Спортtiektiek

Тоқаев Көшпенділер ойындарында жеңіске жеткен спортшыларды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды. Президент осынау жоғары нәтижеге спортшыларымыз тайсалмас табандылықтың, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер құрамына және барша мамандарға шынайы ризашылығын жеткізіп, мұндай ерен жетістіктер …

Жұмысты қорытындыладық – министр Мырзабосынов қырғыз әріптестеріне алғысын айтты
Спортtizgintizgin

Жұмысты қорытындыладық – министр Мырзабосынов қырғыз әріптестеріне алғысын айтты

Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қорытындылап, бауырлас қырғыз халқына қонақжайлылығы мен жылы қабылдауы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz. Министр не айтты Оның үндеуі жексенбі күні кешкісін Туризм және спорт министрлігінің Telegram-арнасында жарияланды. “VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – бауырлас халықтарды ортақ тарихы, дәстүрі мен ұлттық спорты арқылы жақындастыратын ерекше …

Қазақстан көкпардан да Қырғызстанға есе жіберіп, күміс алды
Спортtizgintizgin

Қазақстан көкпардан да Қырғызстанға есе жіберіп, күміс алды

Қазақстан көкпар құрамасы Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалында Қырғызстанға жол берді. Алаң иелері 7:2 есебімен жеңіске жетіп, жарыс чемпионы атанды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Тартысты финалда алаң иелері басым түсті Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде өзара сынға түсті. Әрқайсысы 20 минуттан тұратын екі таймның қорытындысында қырғызстандық көкпаршылар 7:2 …