Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев «Спортшылар кеңесінің» Спорт директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев әуесқой бокстағы табыстарымен қатар, кәсіпқой рингте де ел намысын абыроймен қорғаған. «Спортшылар кеңесі» спортшылар мен спорт ардагерлерінің мүддесін қорғап, олардың ұсыныстары мен мәселелерін тиісті органдарға жеткізуге, спортты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға және …