Жетісу облысының Ескелді ауданында тұрғын үйден өрт шығып, үш бала қаза тапты. Қайғылы оқиға 25 қыркүйек күні таңертең Бақтыбай ауылында болған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz. Өрт 70 шаршы метр аумақты шарпыған Алдын ала мәлімет бойынша, өрт төрт пәтерлі барак үлгісіндегі тұрғын үйдің бір пәтерінен шыққан. Құтқару қызметіне хабарлама сағат 07:34-те түскен. …