Үш өңірде тұрғындар жылуға шағымданды: Бектенов шұғыл шара қабылдауды тапсырды
tizgin
Үш өңірде тұрғындар жылуға шағымданды: Бектенов шұғыл шара қабылдауды тапсырды
Қазақстанда жылыту маусымы барлық өңірде басталғанымен, кейбір қалаларда тұрғындар жылудың сапасына наразылық білдіріп, шағым түсіріп жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Ақтау, Павлодар және Петропавлдағы жағдайға назар аударып, әкімдерге нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Үш қаладан шағым түскен Үкімет басшысының айтуынша, биыл жазда еліміздегі жылу және электр желілерін жөндеу, энергетикалық жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жүргізілген. …