Қар, боран және көктайғақ: 19 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады
tizgin
Қар, боран және көктайғақ: 19 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады
19 қарашада Қазақстанның солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ал оңтүстік өңірлерде күн жылы болғанымен, кей қалаларда жаңбыр күтіледі. Ел аумағының басым бөлігінде таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Tizgin.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Астана, Алматы және Шымкенттегі ауа райы Астана: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6, күндіз +1…+3 градус болады. …