Танымал қазақстандық спортшы әрі актер Еркебұлан Тоқтар өзінің жекпе-жегіне ақша тіккені туралы айтқан ойынқұмарларға жауап берді. Ол құмар ойынға әуестенудің салдары ауыр болуы мүмкін екенін айтып, өз тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Tizgin.kz. «Ойынқұмар болғандарың – менің мәселем емес» Еркебұлан Тоқтардың айтуынша, кейбір жанкүйерлер оның жеңісіне 1000–2000 теңге көлемінде бәс тігіп, кейін бұл туралы өзіне айтқан. …