Әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы, Қырғызстанның қоғам қайраткері Роза Айтматова 89 жасында өмірден өтті, деп хабарлады tiek.kz. Қаралы хабар Шыңғыс Айтматов атындағы қордың желідегі парақшасында жарияланды. «Роза Айтматованың 89 жасында өмірден озғанын өкінішпен хабарлаймыз. Роза Төреқұлқызы туралы жарқын естелік жүрегімізде мәңгі сақталады», – делінген қордың хабарламасында. Роза Айтматова – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қырғызстанның еңбек сіңірген …