Тоқаев Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады
tiek
Тоқаев Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады
Саят Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды. “Мемлекет басшысының өкімімен Саят Серікқазыұлы Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштері қолбасшысының орынбасары, подполковник қызметін атқарған.