Қорғаныс министрі Ақмола горнизонына айтпай барып тексеріс жүргізді
tiek
Қорғаныс министрі Ақмола горнизонына айтпай барып тексеріс жүргізді
Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосын тексеру жүргізді. Ведомствоның хабарлауынша, министр әскери бөлімдегі қызметтің ұйымдастырылуымен танысып, әскери қызметшілердің орналасу және тұрмыс жағдайын тексерді. Тосын тексеру барысында казармалардың жай-күйіне, сондай-ақ әскери бөлім инфрақұрылымының жағдайына ерекше назар аударылды. Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.