Спорт журналисі Аслан Қаженов Головкинге қатысты жазбасы үшін қысымға ұшырап, жұмыстан шығарылып жатқанын айтып дабыл қақты, деп хабарлайды tiek.kz. Айтуынша, «өз еркіңмен жұмыстан кет!» деген. «Жапония төрінде болған жағдайды білесіздер. Сол кезде Геннадий Головкинге қатысты постты алмасаң эфирге шығармаймыз, жұмыстан шеттетеміз, заңмен қудалаймыз деген сияқты әртүрлі хабарлама келді. Екі күннен кейін «ұлтаралық алауыздықты қоздырдың» деген …