Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев 28-30 қазанда Түркияға ресми сапармен барады. Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәліметінше, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен бара жатыр. «Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді», – делінген хабарламада. Сондай-ақ Тоқаев Анкарада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.

Толық мәтінді ашу

Тағы оқыңыз

Барлық жаңалықтар