Астанада автобус жолақысын 110 теңгеден 150 теңгеге көтеру мерзімі кейінге шегерілді. Бұған дейін жаңа тарифті 1 желтоқсаннан енгізу жоспарланған еді. Енді өзгеріс желтоқсанның ортасында күшіне енуі мүмкін. Билік тарифті көтеруді тасымалдаушылар шығынының артуымен және автобус паркін жаңарту қажеттілігімен түсіндірді. Әкімдік мәліметінше, соңғы 12 жылда жолақы 1 рет қана қымбаттаған. Ал осы уақытта жанармай, қосалқы бөлшектер …