Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасына көңіл айтты
tiek
Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдап, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды. 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен.