Астанада 15-қабаттан секірген әйел екі жасар баланың үстіне құлады
tiek
Астанада 15-қабаттан секірген әйел екі жасар баланың үстіне құлады
Астанада қайғылы оқиға болды. Полицияның мәліметінше, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден секіріп кеткен. Құлау кезінде әйел екі жасар сәби отырған балалар арбасына түскен. Әйел оқиға орнында көз жұмса, алған жарақаттары салдарынан бала да қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. pikirmedia.kz