Оразада шөлдемеу үшін не істеу керек?

  • 39

Биыл Рамазан айы негізінен мамыр-маусым айларымен тұстас келетіндіктен Ораза ұстайтындар үшін шөлге шыдау мәселесі аса маңызды болып табылады. Ораза кезінде адамдар арасында күннің астында жұмыс істейтіндер кездеседі. Сол кездерде организм көп су жоғалтса, адамның басы айналып, ыстығы көтеріліп, жүрегі айнып, тіпті құсуы мүмкін. Жазда ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек? Ол үшін ummet.kz ұсынған кеңестерге құлақ түріңіз.

 

ФОТО: UMMET.KZ

1. Шәй, кофе, газдалған сусын ішпеген дұрыс. Оларда кофеин мен химиялық қоспалар болғандықтан шөл қанудың орнына организмнің көп суалуына әкеліп соғады.

 

 

2. Ауыз бекітерде бір шымшым тұз салынған бір кесе тұзды су ішсеңіз, организмнен су шығу үрдісі тежеледі.

3. Әркімнің қажетіне қарай адамдар су мөлшерін әрқалай қабылдайды. Өте белсенді адам тәулігіне 2-3 литр су ішуі керек. Су, көк шәй және әртүрлі шөптерден жасалған шәй шөлді жақсы қандырады.

&ltvideo id="yaVideoPlayer_526353" x-webkit-airplay="allow" preload="none" width="100%" height="100%" playsinline="playsinline" webkit-playsinline="webkit-playsinline" &gt&lt/video>

 

 

4. Ораза кезінде тамақ ішкенде өте ащы, тұзды, қуырылған, майлы және тәтті тағамдар жемеңіз. Қуырылған және майлы тағам асқазан мен ішекті тітіркендіреді және өте баяу қорытылады. Ал ащы, тұзды және тәтті тағамдар болса адамды шөлдетеді.

Осы жағдайларға байланысты таңертең ботқа жеген өте тиімді. Ботқаның қорытылуы оңай, организмге пайдалы жеңіл тағам. Сонымен қатар ботқа жеген адам белгілі бір дәрежеде күні бойы тоқ болады.

 

 

5. Капуста, сәбіз, картоп, кәді сияқты көкөністерді мейлінше көбірек жеңіз. Ауыз бекіткенде алма, жүзім, апельсин, алмұрт сияқты жемістерді жемеген дұрыс. Өйткені, олардың құрамында қышқыл көп болғандықтан, күндіз адамды шөл қысуы мүмкін.

Суреттер ummet.kz порталынан алынды

Автор
Последние статьи автора
  • 325
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 465
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста