Жеңіс Қасымбек G-Park салымшыларының дауына қатысты не дейді

Жеңіс Қасымбек G-Park салымшыларының дауына қатысты не дейді

Бүгін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек G-Park құрылыс компаниясы салымшыларының мәселесі жөнінде пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, өткен аптада Астанада G-Park құрылыс компаниясының салымшылары «салған ақшамызды қайтара алмай жүрміз» деп, компания кеңсесіне жиналған еді. «Geneva 1», «Geneva 2», «Washington», «Dublin», «Lisbon 1», «Lisbon 2», «Lisbon 3», «Rio de Janeiro 3», «Vienna» және тағы басқалар. G-Park құрылыс компаниясы осы тұрғын үйлердің көбін уақытында бере алмай отыр. Алдын ала келісімшартта көрсетілген мерзім өткеннен кейін биылдан бастап салымшылар компаниямен келісімшартты бұзып, салған ақшасын қайтару үшін өтініш жаза бастаған. Келісімшарт бұзылғаннан кейін шарт бойынша G-Park 60 жұмыс күні ішінде салымшыға ақшасын қайтаруы тиіс. Алайда салымшылар «компания ақшамызды қайтармайды» деп шағымданады.

 

Бүгін педагогтардың тамыз кеңесінен шыққан Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке осы компаниядағы салымшылардың мәселесі сұралды.

 

«Біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз. Ұстап отырмыз да. Күнделікті компания басшыларымен кездесіп, мәселені талқылап отырмыз. Ол компания күнде ақшасын қайтарып жатыр, бірақ бір күннің ішінде 1 мың немесе 2 мың үлескердің ақшасын қайтаруға ақшасы жоқ. Бірақ күнделікті қайтарып жатыр. Менің білуімше, 1,5 мың адамға ақшасын қайтарған», - деді Жеңіс Қасымбек.

 

«Яғни ол компания салымшыларға ақшасын толық қайтарады деп ойлайсыз ба?» деген сұраққа әкім «меніңше, олардың күштері жетеді, қайтарады» деп жауап берді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста