Көкшетауда 44 сарбаз ауруханаға жатқызылды

  • 63
Көкшетауда 44 сарбаз ауруханаға жатқызылды

Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімшесінің сарбаздары жаппай ауруханаға жеткізіліп жатыр. Олардың қызуы көтеріліп, басы ауырған. Сондықтан жауынгерлер инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Қазірдің өзінде науқас саны 44-ке жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың бесеуінен менингококк бактериясы табылған. Біреуінің жағдайы тым ауыр дейді дәрігерлер.

 

Қазір әскери бөлімшенің сарбаздары қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалауға шықпайтын болған. Себебі бөлімшедегі басқа жауынгерлер де толық тексеруден өтуде.

 

Аян Тілеухан әскер қатарына бір ай бұрын ғана қосылған. Отан алдындағы борышын өтеуге Қарағанды қаласынан келген жас жігіт әскери тәртіпке енді ғана үйренісе бастаған. Әлі бөлімше аумағынан шығып көрмепті. Соған қарамастан, аяқ астынан ауырып қалған.

 

АЯН ТІЛЕУХАН, сарбаз:

 

- Өзім таңертеңнен бір тұрдым.Сол кезде тоңып, басым ауыра бастады. Медпунктқа бардым. Бер жаққа алып кетті. Бірге түстік, сол түні тап екеуіміз бір уақытта ауырдық.

 

Денсаулығы сыр берген сарбаздарды әскери бөлімшедегі дәрігер қараған. Бірақ жазылудың орнына ауруы әбден асқынған соң, оларды қаланың ауруханаға жеткізген. Науқастарды қабылдаған дәрігерлер олардың бірі өлуге шақ қалғанын айтады. Әйтеуір жедел қимылдап, жүрегі тоқтаған жігіттің есін жиғызыпты.

 

СӘКЕН ҚАЛЫМЖАНОВ, Көкшетау көпсалалы аурухананың директоры:

 

- Бізге ауруханаға әкелгенде 40 градус температура, безгегі ұстап, қалтырап тұрды. Алты адам бірақ түсті, одан соң тағы бірнешеуі. Бір сарбаздың жағдайы мүлдем мүшкіл болды. Денесі құрысып, тартылып, тіпті жүрегі тоқтап барып, әйтеуір дәрігерлер жанын сақтап қалды. Әлі де жансақтау бөлімшесінде жатыр. Нақты толық есін жиды деп айта алмаймын.

 

Қазір әскери бөлімшеге жан-жақтан мамандар жиналып, жағдайды зерттеп жатыр. Себебі сарбаздардың жаппай мұрттай ұшуына не себеп екені белгісіз. Қазірдің өзінде жұқпалы аурулар ауруханасында 44 сарбаз емделіп жатыр.

 

РАШИД ӘБІЛМӘЖІНОВ, ҚР Ұлттық Ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығы медицина басқармасының бастығы:

 

- Қазір жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіп жатыр.Әскери бөлімшеде сарбаздарды жанжақты тексеретін мүмкіндік жоқ. Бір дәрігер ғана бар. Олардың барлығы бірдей медицина бекетінде емделе алмайды. Ал түрлі сараптама қорытындылары дайын болғаннан кейін қызметтік тексеріс жүргізіледі. Жаппай ауру себебі анықталған соң, кінәлі әскерилерді анықтаймыз.

 

Сарбаздар осы күндері қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалауға шықпайды. Тіпті түгел бөлімше болып бірге сапқа тұруға да тыйым салынған. Өйткені сырқаттанғандар күн санап көбеюде. Қазір әскери бөлімшеге белгілі бір шектеулер енгізілген. Ондағы осы науқастармен байланыста болған 278 адам толық тексерістен өтіпті. Бірақ олардың сараптама қорытындысы әлі дайын емес. Сондықтан жұқпалы дерт жұқтырғандар саны бұдан да артуы мүмкін.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 189
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 237
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста