Былтыр пәтер сертификаты табысталған жалғызбасты ана әлі жатақхана жағалап жүр

Былтыр пәтер сертификаты табысталған жалғызбасты ана әлі жатақхана жағалап жүр

Былтыр күзде емізулі баласымен таксист болып жүрген астаналық әйелдің видеосы әлеуметтік желілерде тараған еді. Құндақтаулы сәбиімен нәпақа табуға мәжбүр болған Әсел Омарованың әрекеті көпшілікті таңдандырған болатын. Осы оқиғадан кейін белгілі блогер, өзін меценат атайтын Перизат Қайрат есімді қор жетекшісі екі баланың анасына үй беретіндігін жария еткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Алайда пәтер сертификаты көпшіліктің алдында табысталғанымен, Әсел уәде етілген баспанасына әлі күнге дейін кірмеген.

 

Halyq Uni тілшісі жатақхананың аядай бөлмесінде екі баласын жалғыз асырап отырған отбасының бүгінгі өмірін көріп қайтты. Жалғызбасты ана бір жылдан бері жатақханада тұрып жатыр. Қазір тұрып жатқан жері күн суығанға дейін тұрақтауға жарайды.

 

Ол ескі көлігі жиі істен шығып қалатындықтан, күн көру қиындай түскенін айтты. Жастан енді асқан сәбиі де қосымша жұмыс істеуге қолбайлау болып отыр. Ал үлкен ұлын мектепке дайындау да айтарлықтай оңай болмай отырғанын жеткізді.

 

Кейде бір үзім нан тауып жей алмайтын күніміз де болады, - дейді Әсел.

 

Әселге көптің көзінше пәтер сертификаты табысталған соң, Астана әкімдігі оны мұқтаж жандар санатындағы үй кезегінен шығарып тастапты.

Астындағы көлігіне сенген (қазір жүргенінен бұзылуы жиілеген) Әсел жыл соңына дейін «уәде етілген баспанама кіріп қалармын» деп үміттенеді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста