Атырауда 15 жастағы қызды зорлаған жігіт жазадан құтылды

Атырауда 15 жастағы қызды зорлаған жігіт жазадан құтылды

Атырауда 15 жастағы қызды зорлаған жас жігіт жазадан жалтарып кетті. Себебі күдіктінің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтаған. Өйткені қос тараптың ата-аналары өзара татуласып, құда-жекжат болуға келіскен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Сондықтан жәбірленушінің анасы полицияға жазған арызын қайтарып алыпты. Осыдан кейін қылмыстық іс жабылған. Енді ешқандай жазаға тартылмайтынын білген жігіт жақ қызыма күн көрсетпей, үйден қуып жіберді дейді жәбірленушінің анасы.

 

Ол енді құзырлы орындардан қылмыстық істі қайта қарауын сұрап отыр. 15 жастағы қыз жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Жүзбе-жүз көруі үшін кездесуге де шақырыпты. Сөйтіп көлігіне мінгізіп алып, айдалаға апарып қызымды зорлаған дейді анасы.

 

Бірақ бұл сұмдықты мектеп оқушысы ешкімге айтпаған. Оны қызының денесіндегі көгерген іздерін көргенде ғана біліпті. Дереу құзырлы органдарға арыз жазған.

 

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанда зорлаған жігіттің туыстары кешірім сұрап келіпті. Тіпті « балалардың болашағына балта шаппайық, екі жасты қосайық» деп соңғы сөзін айтқан.

 

Жылап-сықтап келген үлкендердің сөзіне сеніп, қызымызды соларға ертіп жібердім дейді арызданушы ана.

 

Зорланған қыздың анасы:

 

- Қызымды алып кетті. Шағымды өзгерттік. Кешірім бердік.Іс бітіп жатқан кезде жігіттің апасы күйеуімді алдапсулап, «тергеуші ақша сұрап жатыр, млн 600 мың» деп, істі жабу үшін, базада сотталды деген қалмасын деп кредит алғызып, ақшаны алды. «Өзіміз төлейміз, алып бер» деп. Жігіттің апасы «іс бітті, енді қызың керек емес» деп, қызыма күнде-күнде тиісіп, тіпті сабауға дейін барды. Қызымды сабаған соң, апасының үстінен арыз жаздым.

 

«Қылмыстық іс жабылған соң қызым ешкімге керек болмай қалды» дейді жәбірленуші тарап. Осыдан кейін жасөспірімнің психикасы бұзылған.

 

Зорланған қыздың анасы:

 

- Жігіттің апасы маған телефон соғып, «іс бітті, қызыңыз енді керек емес, не істесең де, оны істеңдер, ештеңе істей алмайсыңдар, өйткені біздің әкеміз кезінде органда істеген, сен ештеңе жасай алмайсың, қайда барсаң да» деді.

 

«Ар-намысымыз тапталды» деген ата-ана қылмыстық істі қайта көтеруді сұрап прокуратура арыз жазған. Бірақ қадағалаушы орган қараусыз қалдырған.

 

Сондықтан араша сұраған ана Атырау облысы прокуратурасына барды. Бірақ прокурорлар бұған дейінгі істің неге жабылғанын, жәбірленушінің арызы неліктен қаралмағанын ашып айта алмады.

 

Шыңғыс Нәсіпқалиев, Атырау облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының бастығы:

 

- Қылмыстық процестік кодексінің 100 бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша процеске қатысушы, яғни мәртебесі бар күдікті болсын, басқа да тұлғалар, олар заңды түрде шағым келтіре алады. Кез келген шешім бойынша. Егер уәжді арыз жазатын болса, егер де ішінде уәждер тексеруге жататын болса, егер де негізді болса, біз, заң қызметкерлері ретінде оны қанағаттандыруға мүмкін емес, міндеттіміз.

 

Осылай деп заңдылықтарды түсіндірген прокурор шағымданушыны жеке қабылдауына алып, анасы тағы да арыз жазып қалдырды.

 

Құзырлы органдар арызын кері қайтарғанда барар жері болмай, салы суға кетіп, амалсыз арнадан араша сұрап келген дәрменсіз ата-ана өрімдей қызының тағдырын тас-талқан еткендер заңды жазасын алуын талап етеді.

 

Отбасы бұл істі соңына дейін апаратын заңгерлердің көмегіне де зәру.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста