Польша Вагнер тобының шекараға жақындағанына алаңдаулы

Польша Вагнер тобының шекараға жақындағанына алаңдаулы

Польша премьер-министрі «Вагнер» тобының 100-ден астам жауынгері Польша мен Литва шекарасы өтетін Сувалск дәлізіне шыққанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

29 шілдеде Польшаның Жоғарғы Силезия провинциясындағы қару-жарақ зауытына барған кезде Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий «Вагнер» компаниясының жүзден астам адамы Беларусь шекарасына көшкенін мәлімдеді, деп жазады Meдуза. Оның айтуынша, олар қазір Польша мен Литва шекарасындағы Сувалск дәлізіне қарай жылжуда.

 

«Мүмкін, олар Беларусь шекарашыларының атын жамылып, елдегі тұрақтылықты бұзу үшін заңсыз мигранттарға Польшаға кіруге көмектесетін шығар. Сондай-ақ олар Польшаға заңсыз мигранттардың атын жамылып кіруге әрекеттенуі де ықтимал, бұл елге қауіп төндіреді», - деді Польша премьер-министрі.

 

Моравецкий жауынгерлердің Беларусь аумағы арқылы қозғалысын «Польша территориясындағы алапат шабуылдың жалғасы» деп санайды. Айта кету керек, өткен аптада Беларусь президенті Путинге Вагнер әскерлерінің жүрісі өзін алаңдататынын айтып, олар Польшаға «серуендеуге» бармақшы деп шағымданды.

 

Вагнер тобына қарсы тұру үшін Польшада екі отряд құрылып жатқаны бұрын хабарланған болатын. Польша Қорғаныс министрі Мариуш Блашчак: «Сувалск» дәлізіне жақын жерде поляк әскери-инженерлік батальоны орналастырылады. Одан  басқа да бөлімшелер «Минсктен төнген қауіпке» қарсы қорғанысты күшейту үшін құрылуда. Осының алғашқысы сапер батальоны болды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста