Қызылордада балконнан құлап, қайтыс болған әйел жайында жаңа дерек шықты

Қызылордада балконнан құлап, қайтыс болған әйел жайында жаңа дерек шықты

Қызылорда қаласында ауруханада балконнан құлап, қайтыс болған әйел кісі жайында жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Бұл оқыс оқиға тіркелген көп бейінді облыстық аурухана басшылығы төмендегіше түсініктеме берді.

 

Қайтыс болған науқас 61 жаста, Қызылорда қаласының тұрғыны. Ауруханаға 1 тамызда жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген.

 

«Науқас амбулаторлы диспансерлік есепте тұрмайды. Бас ауруы, айналуы, жалпы әлсіздік және ұйқысының бұзылуына байланысты тексерілген. Невролог, психиатр мамандары тарапынан қаралған, ем тағайындалған. Жақсару болмауына байланысты жедел жәрдем көлігімен көпбейінді облыстық ауруханасына жеткізілген. Аурухананың №1 терапия бөлімшесіне, «Вертебро-базилярлы жетіспеушілік синдромы. Астено-депрессивті жағдай. Артериалды гипертензия 2 дәрежелі, қауіп факторы 4» диагнозымен жатқызылған, емі тағайындалған», - деп мәлім етті көпбейінді облыстық ауруханадан.

 

Ведомство мәліметінше, 6 тамызда сағат 16:10-да палатадағы балконнан секіріп кеткен. Сол мезетте кардиореанимация бөлімшесіне жеткізілген.

 

«Науқасқа реанимациялық шаралар жасалғанмен ол нәтижесіз болды. Сағат 17:25-те науқастың биологиялық өлімі тіркеліп, 102-ге хабар берілді. Жедел топ куәгерлер және медициналық қызметкерлерден түсінік алды. Палатада 3 науқас жатқан. Оқыс оқиға болардан бұрын олар бірге тамақтанған. Біреуі тоңазытқышқа зат қоюға шыққан. Екінші науқас жуыну бөлмесіне кірген. Сол мезетте науқас секіріп кеткен. Мәйіт сот медициналық сараптамаға жолданды», - деп толықтырды ауруханадан.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста