Қарағандыда ауруханаға түскен 14 баланың қанынан белгісіз улы зат анықталды

Қарағандыда ауруханаға түскен 14 баланың қанынан белгісіз улы зат анықталды

Қарағандыда ауруханаға түскен 14 баланың қанынан белгісіз улы зат анықталды. Бүгін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният премьер-министрдің алдында осылай есеп берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Жалпы ерекше қамқорлықтағы балалардың нақты неден уланғанын анықтайтын сот-медициналық сараптама әзірге толық дайын емес.

 

Дегенмен алғашқы эпидемиологиялық нәтижелер балалардың астан ұшынбағанын нақты көрсетіп отыр. Инфекциялық ауру да жұқтырмаған.

 

Ауруханаға түскен 14 ерекше баланың жетеуі бүгінде сауығып, орталыққа қайта жеткізіліпті. Жансақтау бөлімінде әлі 6 бала жатыр. Оның екеуінің жағдайын дәрігерлер ауыр деп отыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

 

Жауапты ведомство ауруханадан шыққаннан кейін де балаларды қажет дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, олардың жағдайын жеке бақылауда ұстаймыз деп уәде етуде.

 

30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жеткіншектер жаппай уланған. Осы жағдайдан кейін 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді.

 

АЖАР ҒИНИЯТ, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

 

- Барлық балалалардың биологиялық материалы бүкіл сотмедициналық сараптамаға тапсырылды. Біздің медицина саласындағы барлық ақпарат тексерілді. Соның ішінде Астана қаласында атом хромотограф апаратымен тексерген кезде балалардың қанынан қазір өздері қабылдап жатқан психотроп дәрілердің ізі табылды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста