Қарағанды облысында балалар жаппай уланды: 1 бала қайтыс болып, 6-уы жансақтау бөлімінде жатыр

Қарағанды облысында балалар жаппай уланды: 1 бала қайтыс болып, 6-уы жансақтау бөлімінде жатыр

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улану дерегі тіркелді. Бір бала көз жұмды, тағы 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

30 шілдеде Орталықта екі баланың денсаулық жағдай нашарлаған. Олар құсып, іші өткен. 31 шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылды.

 

«Дәрігерлер жедел шаралар қолданғанына қарамастан балалардың бірі қайтыс болды. Бүгінгі таңда алты бала реанимацияда. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Ауруханаға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келді. Ол облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен және емдеуші дәрігерлермен жедел кеңес өткізді.

 

Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

 

Қылмыстық іс қозғалды және Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді.

 

Ермағанбет Бөлекпаев тергеу нәтижесінде жауапты тұлғалар анықталып, қатаң жазаланатынын атап өтті. Мекеме директорының міндетін атқарушы атқаратын қызметінен шеттетілді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста