Алматыда ересек адамдардың А вирустық гепатитін жұқтыру деңгейі артқан

Алматыда ересек адамдардың А вирустық гепатитін жұқтыру деңгейі артқан

Алматыда А вирустық гепатитімен ауырғандар саны өсіп отыр. Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Спикердің сөзінше, Алматыда биылғы жылдың 7 айында А вирустық гепатитпен (АВГ) сырқаттану деңгейі 6,62 есе өскен.

 

«Бұл жүз мың тұрғынға шаққанда 12,38 көрсеткішін құрайды, өткен жылдың ұқсас кезеңінде көрсеткіші 1,87 болған. АВГ- мен сырқаттанушылықтың ересектердің арасында үлес салмағы 74,6%-ды құрады.

Әлеуметтік-кәсіби топтар бойынша АВГ- мен сырқаттанушылықтың ең көп үлес салмағы оқушыларға – 27,2%, жұмыссыздарға – 24,6%, жұмысшылар мен қызметшілерге – 21,4%, студенттерге – 19,6%, ұйымдастырылмаған балаларға – 4,35% тиесілі және ұйымдастырылған балалар арасында– 2,9% құрады», - деді Қасымхан Алпысбайұлы.

 

А вирустық гепатиті (Боткин ауруы, сарғаю) – бауырды зақымдаумен өтетін жедел вирустық ауру.

 

«Жұқпаның негізгі көзі – ауру адам. А гепатитінің вирусы физикалық және химиялық факторларға төзімді, сондықтан ол ұзақ уақыт сыртқы ортада сақталады. Берілу механизмі – фекальді-оральді, су, тағам, тұрмыстық-қатынас жолдары арқылы жүзеге асады. Зақымдалған тағамдар мен суды пайдаланғанда немесе науқас адаммен тікелей қатынаста болған кезде жұғады. Ауру көп жағдайда қатерсіз ағымда сарғаюмен немесе сарғаюсыз өтеді. Клиникалық белгілері интоксикация синдромы түрінде, тұмау тәріздес көріністермен, ішек-қарын бұзылыстарымен, тері жабындыларының және аққабықтың сарғаюымен сипатталады», - деді дәрігер.

 

А гепатитінде инкубациялық кезең 7 куннен 50 күнге дейін (орташа 35 күн) созылады. А гепатитімен барлық жастағы адамдар, көбінесе егілмеген балалар, оқушылар ауырады. Ауру күз бен қыс мезгілдерінде белсенді.

 

«Бүгінгі күнде А вирустық гепатитінің ең нәтижелі алдын-алу әдісі вакцинация болып табылады. А гепатитіне қарсы екпе мекен-жай бойынша емханаларда егілуге болады. Екі жастағы және науқаспен қарым-қатынаста болған егілмеген 14 жасқа дейінгі балалар тегін егіледі», - деді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.

 

Ол А вирустық гепатитінің жеңіл алдын-алу үшін төмендегі шараларды орындау қажет екенін айтты.

 

Жеке бас гигиенасы ережелерін қатаң сақтау, тамақтанар алдында және дәретханадан кейін, жұмыстан, серуендеуден соң қолды сабынмен жуу;

 

- тек қайнатылған немесе бөтелдегі суды ішу;

 

-шомылған кезде судың ауызға түсуін болдырмау;

 

-ыдыстарды, адамдар жианалатын орындарды тазалықта ұстау;

 

-науқас балаларды бала-бақшаға және мектепке апармаған дұрыс.

 

Еске салсақ, өткен айда Астанада А гепатитінің тарауы 88% артқан болатын.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста