Мектеп бітіру кештерін өткізудің тәртібін бір жүйеге келтіру керек пе?

Мектеп бітіру кештерін өткізудің тәртібін бір жүйеге келтіру керек пе?

 

«Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын» алтын ұя – мектеп табалдырығын аттамаған адам жоқ деуге болады. Қимастыққа толы осы сәт қазіргі кезде түлектер арасында ерекше салтанатпен аталып өтіп жүр. Әуелі мектеп ауласында шағын жиналыста мектепке, ұстаздарға сыйлық үлестіруден басталған бұл шараның соңы қымбат көліктердің бірімен-бірін жарыстырып қала аралауға, сонан соң кешкісін мейрамханадағы көңілді думанға, соңы тау баурайындағы коттедждерге түнеп, сонда таң атыруға ұласады. Міне, осындай қарқын алған түлектердің мектеп бітіру кешінің соңы қылмысқа, яки қайғылы жағдайларға ұшыратып жататын кездері де болмай тұрмайды. Олай болса, осылай аста-төк тойлау мен сыйлық үйлестіру үрдісі қашанғы жалғасын таба бермек? Осыны бір жүйеге келтіру керек пе?» деген сауалды ой-көкпарына салып көрелік.

0540

Серғазы Қалиұлы, педагогика ғылымының докторы, профессор

Иә
– Әрине, мектеп бітіру кешін дәл бүгінгідей тойлауға тойтарыс қою керек. Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу керек деген қаулы шыққанымен, ол өршімесе, басылған жоқ. Соның ең үлкен көрінісі осы мектептерде жүріп жатқан сияқты. Еліміздің барлық мектептерінде десем, артық айтпаған болармын, бала мектепке барған күннен бастап, бітіріп шыққанға дейін ата-ананың мойнына «салық» салынады. Әсіресе, осы мектеп бітіру кешінде, ерекше салмақ түседі.
Әр оқушы бәлен мың ақшадан жинап, ұстаздарына, сынып жетекшісі, директоры, қала берді мектепке сыйлық әзірлеуі керек, одан мейрамханада дүрілдетіп той өткізіп, тойлауы керек. «Ақша жинап, сыйлық алмаңдар» деп Үкімет қаулы шығарғанымен, ол орындалып жатқан жоқ! Ал оны істейтін кім? Жоғарыдан төмен қарай, мектеп басшылары сынып жетекшілеріне тапсырма береді, ал олар ата-аналардан «салық» жинайды. Дәулеті тасыған ата-аналарға, мейлі, ол түк те шығын емес шығар, бірақ бір ғана жалақы мен зейнетақыға қарап отырған отбасының балалары ше? Байдан гөрі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар көп қой. «Аттымен жарысып, жаяудың шаты айырылыпты» дегендей, осыдан келіп тапқа бөлінушілік пайда болады. Сондықтан мұндай астамшылықты тоқтатып, мектеп бітіру кешінің жаңа жүйесін жасау керек.  

Әр оқушы бәлен мың ақшадан жинап, ұстаздарына, сынып жетекшісі, директоры, қала берді мектепке сыйлық әзірлеуі керек, одан мейрамханада дүрілдетіп той өткізіп, тойлауы керек. «Ақша жинап, сыйлық алмаңдар» деп Үкімет қаулы шығарғанымен, ол орындалып жатқан жоқ! Ал оны істейтін кім? Жоғарыдан төмен қарай, мектеп басшылары сынып жетекшілеріне тапсырма береді, ал олар ата-аналардан «салық» жинайды. Дәулеті тасыған ата-аналарға, мейлі, ол түк те шығын емес шығар, бірақ бір ғана жалақы мен зейнетақыға қарап отырған отбасының балалары ше? Байдан гөрі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар көп қой. «Аттымен жарысып, жаяудың шаты айырылыпты» дегендей, осыдан келіп тапқа бөлінушілік пайда болады. Сондықтан мұндай астамшылықты тоқтатып, мектеп бітіру кешінің жаңа жүйесін жасау керек.

Мысалы, ешқандай даңғаза кеш жасамай, қымбат мейрамханаларда сауық құрмай-ақ, мектеп бітіруші түлектер мен қазір бір-бір саланың мықты маманы болып, биік жетістіктерге жеткен бұрынғы түлектерді кездестірсе, қандай жақсы кеш болар еді. Олар өздерінің мектеп бітіргеннен бастап, жоғары оқу орнына қалай түсіп, осы бүгінгі жетістікке жеткен жолын, сол жолда кездескен қиындықтарды қалай жеңу керектігін әңгімелеп берсе, оқушы содан болашақ өміріне пайдалы бағыт-бағдар алар еді ғой. Оқушылар, шын мәнінде, алдағы өмірінің қиындығын сезбейді ғой, тіпті мамандықты қалай таңдарын да білмейді деуге болады. Жалпы, жергілікті, аудандық, қалалық оқу бөлімінің басшылары тәртіпті мықты қадағалап, қандай да бір ақша жинаған, осындай кешті ұйымдастыруға ұйытқы болған мектеп директорларынан бастап, ұстаздарды да жазаға тартуы керек. Сонда барып бір нәтиже шықпаса?!

0780

Гүлсара Ахметова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жоқ
– Балалар кәмелеттік жасқа толып, мектеп бітіреді, яғни өмірдің келесі бір сатысына қадам басады. Өз бетінше өмірлерін бастайды. Сол сәтті ата-аналар, ұстаздар болып салтанатты түрде атап өтудің қандай әбестігі бар?! Онсыз да «аса шашыл» деп ешкім айтпайды оларға. Тек шамалары келгенше перзенті мен шәкіртін мектеп қабырғасынан жақсылап түлету – ата-ананың да, ұстаздың да міндеті. Біз өз тарапымыздан осы мектеп бітіру кешінің жоғары дәрежеде әрі тәртіпті түрде өтуін қадағалаймыз әрі оны ұйымдастырамыз да.

Ата-ананың өзі баласының осы бір қызығы үшін аянбауға тырысады. Мұндай салтанат қай заманда да болған, болып жатыр, бола береді де, оған ешкім тыйым сала алмайды. Осыдан үш-төрт жыл бұрын мектеп бітіруші түлектерге арнап «Ақ жол» салтанатты кеші ұйымдастырылатын. Осы Алматыдағы бүкіл мектеп түлектері Орталық стадионда өтетін кеште жұптасып, вальс билеуші еді. Соңы Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концертке ұласатын. Осының өзі керемет үрдіс ретінде оқушылардың да, ата-аналардың, мына біздер – ұстаздардың да есінде қалғаны жасырын емес. Енді соңғы жылдары осындай салтанат тоқтатылды. Қазіргі түлектер соны аңсайды.

Былтыр ескі алаңда концерт ұйымдастырылды, төрт-бес сағат бойы оқушылар тікесінен-тік тұрып тамашалады, әрине, концерт жақсы, бірақ ол түлектердің вальс биіндей керемет есте қалмайды. «Неге «Ақ жол» тоқтатылды» десек, «жаңа алаңда – құрылыс, стадион жөндеуде» дейді. Тым құрыса, балалар үшін мектеппен қоштасу кешін ескі алаңда да ұйымдастыруға болады. Әйтпесе егер солардың барлығына түгел тыйым салар болса, олар керісінше жасырын түрде жасайды. Қазір өзіміз ұйымдастыратын салтанатты кеште қаншама мамандар жауапты, бүкіл құқық қорғау қызметкерлерін сол кеште мектеп-мектептерге бөліп тастайды. Оған қоса балалардың қауіпсіздігі үшін сынып жетекшілерінен бастап, пән мұғалімдері, ата-аналар кезекшілік етеді. Осындай қорған мен қадағалауда балалар алаңсыз өздерінің мектеппен қоштасу кешін өткізеді. Бұл бітіру кеші жайлы болса, ал енді ұстаздарға қатысты сыйлық жасау мәселесіне келсек, ол да шектен тыс шығып жатқан жоқ.

Мысалы, біздің мектеп түлектері жақсы бір үрдіс тапқан, аулаға әр сынып бір-бір ағаштан отырғызады. Сондай-ақ қазір небір жақсы энциклопедиялар шығып жатыр. Әрине, бағасын бір адамның қалтасы көтермейді, балалар соны сатып алып, мектепке сыйлап кетеді. Бұл да – қарап тұрсаңыз, игі іс. Сондықтан мектеп бітірушілерді түлеп ұшыру салтанатты кеші болсын, олардың мектепке сыйы болсын, меніңше, ол қазірдің өзінде дұрыс жүйемен өтіп жатыр.

Түйін
Білім беру саласында бірнеше жылдық тәжірибесі бар ұстаздар пікірінің өзі осылайша екіге жарылып отыр. Әрине, қоғам болған соң, түрлі көзқарастар мен пікірлердің болуы заңды. Десек те, біз бұл саланың тәжірибе алаңына ғана емес, думанды кеш, сауық-сайранның ұйытқысына айналуына жол беріп, қарап отыра бергеніміз жараспайтыны тағы бар...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста