Каспий теңізінде жоғалған үш қыз табылды

Каспий теңізінде жоғалған үш қыз табылды

Маңғыстау облысында кеше кешкі уақытта үремелі матраста отырған үш қызды жел ашық теңізге алып кеткен. Облыстық ТЖД өкілдері қыздарды іздеу жұмыстары аятқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Rýhy.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 24 шілдеде болған. ТЖД өкілдері жедел-іздестіру шарасына түрлі бөлім қызметкерлері тартылғанын атап өтті.

 

«Ақтау қаласынан 51-ші шақырым қашықта ТЖД, ҰҚК ШҚ және ПД күштері үрлемелі матраспен ашық теңізге кеткен үш қызды іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру жұмыстарына «Қазавиаспас» тікұшағы жұмылдырылды», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық ТЖД өкілдері.

 

Ведомствоның мәліметінше, жоғалып кеткен қыздар бүгін, яғни 25 шілдеде таңертең табылған.

 

«Бүгін таңғы сағат 6-лар шамасында «Қазтеңізкөлікфлоты» компаниясына қарасты «Сұңқар» кемесінің экипажы жағалаудан 22 шақырым қашықтан теңізде бетіндегі үш қызды құтқарды. Олардың денсаулығы тұрақты, медициналық көмек көрсетілді.

Бұл ретте департамент алдағы уақыта теңіз бетінде жел күшейетінін және белгісіз аумақтарда суға түсуге тыйым салынатыны туралы SMS-хабарламаны мерзімінен бұрын жіберді.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады», - деп хабарлады ТЖД.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста