Бейіт орнын қазуға таласты: Бауыржан Әлиұлымен қоштасу үшін жаназасына мыңдаған адам жиналды

Бейіт орнын қазуға таласты: Бауыржан Әлиұлымен қоштасу үшін жаназасына мыңдаған адам жиналды

Белгілі ұстаз, ғалым, ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы 39-қа қараған жасында өмірден өтті. Марқұммен қоштасуға елдің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам жиналды. 

Уағыздарымен танылған ғалым 39 жасында бақиға аттанды. Қаралы хабарды естіген көпшілік марқұмның жаназасына асықты. Көпшілік ғалымның жақсы қасиеттерін айтып, қимай қоштасты. 

Елдің түкпір-түкпірінен келген көпшілік марқұмның бейіт орнын қазуға таласты. Ғалымды ақтық сапарға мыңдаған адам шығарып салды. 

Бауыржан Әлиұлының қазасы жайлы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті. Бас мүфти қаралы отбасыға көңіл айтып, сабырлық тіледі. 

https://www.instagram.com/islam_.arnasy/?utm_source=ig_embed&ig_rid=e490cef2-77ac-4075-b39f-e9d00b69de86

Желідегі көпшілік марқұмның отбасына, жақындарына қайырлы болсын айтып жатыр. 

“Жәні Жәннәтта болсын”, “Қысқа өмір. Алла панасына алсын”, “Алла рақымына алсын”, “Жаны жәнәттә болсын ұстазымыздың”, “Иманы саламат болсын! Алла өз рамына алсын бауырымызды”, “Раббым бәрімізге осындай тақуа болуды нәсіп қыл”, “Аллам рахымыңа бөлей гөр”, “Өлім адамды жəне жасты таңдамайды”, “Қандай бақытты едің, ұстаз! АЛЛА сізді панасына алсын! Біз сізді ұстаздық міндетін толық атқарды деп куәлік етеміз! Көршіңіз ардақты да асыл адамзаттың абзалы екі дүниенің тәжі болған МҰХАММЕД (с.ғ.с) болсын! Жаныңыз жәннәтта тәніңіз рахатта болсын!”, – деп жазды желідегілер. 

Бауыржан Әлиұлы 1982 жылы 12 қарашада дүниеге келген. Марқұмның артында әйелі мен үш баласы қалды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста