Баладан бата сұрауға бола ма?

Баладан бата сұрауға бола ма?

Сұрақ: Баладан бата сұрауға бола ма?

Жауап: Расында әдетте дінде, дәстүрімізде де батаны көпті көрген, өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдан сұрайды. Бата дегенміз, «Дұға қылса – тілегі орындалады» демекші, бар болғаны дұға-тілек жасау. Батаны тек үлкен береді деген қатып қалған талап немесе қағида жоқ. Бұл үлкенге құрмет білдіретін әдептілік сабағы десек болар. Бұған қоса дәстүрімізде ақсақал тұрған жерде жастар ақыл айтпайды, бата бермейді. Сол үшін бізде үлкен тұрғанда жас бата бермейді деген түсінік қалыптасқан. Әрине, бұл жақсы үрдіс. Дегенмен, егер ортадағы ақсақал жасқа кезек берсе немесе баланың пікірін сұраса, онда баланың сөйлеуінде әбестік жоқ. Дәл сол сияқты хазреті Омар да халифалық кезінде балаларға сәлем беріп, кейін олардан дұға етуін сұрағаны туралы мәліметтер бар.

Мысалы, мынадай риуаят еске оралады: Егер Омар (р.а.) Мәдина көшесінде жүріп, жас баланы көріп қалса, ол сол балақайға асыға барып, еңкейіп: – Ей, балақай! Бізді жарылқасын деп Алладан сұрашы, – деп өтінетін еді. Омардың қасындағы серіктестері мұны естіп, таңырқаған хәлде: – Уа, мүміндердің әмірі! Сіз үшін Аллаға мінәжат қылсын деп жас балақайды өтініп тұрмысыз. Сіз тірі кезінде жәннатқа кіреді деп сүйіншіленген он адамның («ашара-и мубашшира» тірі кезінде жәннатқа кіреді деп сүйіншіленген он сахаба) бірі емессіз бе? – деп таң қалады. 

– Расында бұл балақай әлі балиғат жасына келмеген, оның амалы дәптерге жазыла қойған жоқ. Сондықтан оның дұғасы Алланың қасында қабыл болады. Ал біз балиғатқа жеттік, амалымыз да дәптерге жазылған, – деген екен.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

 Kazislam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста