Өлім қаупін туындататын препарат түрі анықталды

Өлім қаупін туындататын препарат түрі анықталды

ДДСҰ NATURCOLD препаратының қауіптілігі туралы ескертті. Олар бұл препараттың елімізде сатылмайтынын атап өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігі жөтелге қарсы сироп шығаратын Riemann Labs фармацевтикалық компаниясының қызметіне тыйым салғаны туралы ақпарат тарады. Камерундағы балалар осы сироптың салдарынан қайтыс болуы мүмкін деп күдіктенеді.

 

Компанияның лицензия нөмірі NATURCOLD препаратының қаптамасындағы лицензия нөміріне сәйкес келеді. Айта кетейік, NATURCOLD Қазақстан Республикасында тіркелмеген, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда сегментінде сатылмайды. NATURCOLD сиропының құрамындағы мәлімделген белсенді заттар парацетамол, фенилэфрин гидрохлориді және хлорфенирамин малеаты болып табылады. Бұл заттар әртүрлі комбинацияларда суық тию, тұмау және аллергиялық ринит белгілерін жеңілдету үшін қолданылады, - делінген комитет хабарламасында.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ресми мәліметтері бойынша 2023 жылдың 27 маусымында Камеруннан NATURCOLD сиропының үлгілері ДДСҰ-на берілді және зертханалық зерттеулерден өтті. Үлгілерді зертханалық талдау препараттың жол берілмейтін жоғары концентрацияда диетиленгликольмен ластанғанын көрсетті. NATURCOLD сиропының үлгілеріндегі диэтиленгликольдің үлесі 28,6%-ға жетті. Диэтиленгликольдің шекті рұқсат етілген концентрациясы 0,10%-дан аспайды.

 

Дистрибьютор препараттың қаптамасында - FRAKEN INTERNATIONAL (Англия) көрсетілген. Алайда Ұлыбританияның Ұлттық реттеу органы (MHRA) бұл атаумен өндіруші Ұлыбританияда тіркелмегенін растады. Қазір препараттың шығу тегін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. ДДСҰ ішкен кезде диетиленгликоль адамдар үшін улы екенін және өлімге әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Сонымен қатар кондиционерленбеген ластанған өнімдер пациенттің денсаулығына, әсіресе балаларды емдеуде үлкен зиян келтіруі мүмкін. Сонымен қатар өлімге әкелетін улануды туындатуы мүмкін, - деп атап өтті ведомство өкілдері.

 

NATURCOLD дәрілік препараты табылған жағдайда республика бойынша заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданатын болады.

 

ДДСҰ-ның препарат туралы толық ақпаратымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста