Астанадағы мектепте балағат сөздер айтқан қызға сот үкім шығарды

Астанадағы мектепте балағат сөздер айтқан қызға сот үкім шығарды

Елордада оқушы қыз мектеп ғимаратында өзге қызға балағат сөздер айтқан. Іс сотта қаралып, бұзақының заңды өкіліне үкім шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық сот сайтына сілтеме жасап жазды.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық жасаған оқушы қызға қатысты іс қаралған. Анықталғандай, мектеп ғимаратында кәмелетке толмаған З. кәмелетке толмаған К.-ға былапыт сөздер айтқан.

 

«Ол ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

 

Сотта оның заңды өкілі кінәні толық мойындады.

 

Кәмелетке толмаған З.-ның кінәсі кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының хаттай түсініктемелерімен, полиция басқармасы ұсынған құжаттармен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, З.-ға қатысты шара қолдану туралы полиция басқармасына Г.-ның берген арызымен дәлелденді.

 

Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей, 14-16 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірім жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 435-бабына сәйкес, оның ата-анасына немесе олардың орнында жүрген тұлғаларға 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (24 150 теңге) айыппұл салуды көздейді», - делінген сот хабарламасында.

 

Мәлім етілгендей, сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде кінәні толық мойындауды және өкінуді назарға алған. Ал жазаны ауырлататын мән-жай анықталмаған.

 

Сот үкімімен кәмелетке толмаған З.-ның заңды өкілі К.Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 435-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 16 905 теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Үкім заңды күшіне енді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста