Шетелдік көлікті 1 шілдеден кейін тіркеуге болады

Шетелдік көлікті 1 шілдеден кейін тіркеуге болады

Заңдастыру туралы үкімет қаулысына өзгеріс енеді. Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан аумағына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін келген машиналарды бұрынғыдай 1 шілдеге дейін тіркейді. Тіркеу құны — 200 мың теңге. Құзырлы орган 1 шілдеге дейін жазылған өтінішті көлікті есепке қоятын мерзімге қарамастан қарастырады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

«Азаматтар заңдастыру ережелері туралы алдын ала хабардар болғанмен, көп автомобиль тіркелмеген, себебі машина бұрынғы жерден есептен шықпаған немесе тіркеу үшін тыйымдар мен шектеулер бар. 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгерген жүргізушілер автокөлігін заңдастыра алады». Ішкі істер министрлігі осындай түсініктеме берді.

 

8 маусымдағы жағдай бойынша заңдастыруға 365 мың өтініш келіп түскен, оның ішінде тек 44 320 көлік алғашқы тіркеуден өтіпті, ал 14 мыңы нөмірін тексертіп, тіркеуді күтіп жүр.

 

Бір ай бұрын мәжілісмендер республика аумағына 1 қыркүйектен кейін келген барлық темір тұлпарды заңдастыруды ұсынған еді. Үкімет депутаттарға үзілді-кесілді жоқ демеді, бірақ ұсыныс оң жауап алатынын да растамады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста