Астанада кандидаттар мәдениет саласына қатысты мәселелерді талқылады

Астанада кандидаттар мәдениет саласына қатысты мәселелерді талқылады

Астана қалалық мәслихатының депутаттығына «AMANAT-тың» партиялық тізімі бойынша ұсынылған Светлана Айтбаева мен Ерлан Дәкенов Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония қызметкерлерімен жүздесті. Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева 2007 жылдан бері партия құрамында екенін айта келе, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында биыл 300-ден аса мәдениет нысананын салу жоспарланғанын жеткізді. Сондай-ақ мәдени нысандарды жаңғырту мен сала мамандарының жалақысын арттыру, баспанамен қамту мәселесін көтерді.

«AMANAT» партиясы халықтың сеніміне сүйене отырып, барлығын Әділетті Қазақстанды құру идеясы шеңберіне бірігуге шақырады. Бұл – сайлаушылар аманатын орындайтын, халық үнін еститін партия. Мен партияға сенемін. Сіздер де сеніңіздер! Барлығыңызды сайлауда күтемін», – деді С.Айтбаева.

Мемлекеттік академиялық филармония директоры Ерлан Дәкеновтің айтуынша, «AMANAT» партиясы кәсіпкерлік бастамаларын қолдау шеңберінде әрбір 10 мың халыққа кемінде 100 жаңа жұмыс орнын ашуды мақсат көздейді.

«Өңдеу өнеркәсібінің үлесін 10%-ға арттыру, мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларда көзделген мемлекеттік қолдау шаралары есебінен 300-ге жуық кәсіпкерлік субъектісіне, оның ішінде жаңа бастаушы кәсіпкерлерге жыл сайын қолдау көрсету, 3000 азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарда тұр. Басты мақсат – Астананы бәсекеге қабілетті қалаға айналдыру, экономиканың негізгі салаларының базасында жұмыс орындарын құру», – деді Ерлан Дәкенов.
Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста