ON.KZ командасы  >   Дельфиндер адамды не үшін құтқарады?

Дельфиндер адамды не үшін құтқарады?

rss ON.KZ командасы 10 июля 2013
ON.KZ командасы
 

Суға батып бара жатқан адамды дельфиннің құтқаратыны туралы алып-қашпа әңгімелер сонау антика дәуірінен бері айтылып келеді. «Дельфин не үшін адамның құтқарушысы?» Бұл сұрақ ғалымдардың жылдар бойы бас қатырған сауалына айналды. Дегенмен, олардың бұл сұраққа жауаптары да жоқ емес. 

Ең алдымен дельфин де адам сияқты ауамен тыныс алады.Сондықтан, дельфиндер ауа жетпей қалатындардың жағдайын жақсы біледі. Ауа жетпей қалған кезде дененің жансыздануы оларға таныс болғандықтан, бізге көмек көрсетуге асығады екен. 

Ал кейбір ғалымдар дельфиндер адамдарды өздерінің туысқаны деп есептейді деп санайды. 

Атақты Геродот жазып кеткен мына оқиғаға зер салайық: Арион әнші Грекияға сапарында пираттардың тұтқынына түсіп қалады. Пираттар оны тонап, суға тұншықтырып өлтірмек болады. Соңғы тілегі ретінде Арион лирада ойнау туралы айтады. Лирадан шыққан әуен дельфиндердің назарын аударады. Пираттар әншіні суға тастап жібергенде, дельфин оны құтқарып, жағаға алып шығады. Дельфиннің бұл ерлігі Аристотель, Плутархтардың да жазбаларында айтылған.

«Киттер мен дельфиндер әлемінде» атты кітабында белгілі биолог А.Г.Томилин былай деп жазған: 1966 жылы Махмуд Вали атты инженер балық аулауға шығады. Ашық теңізде оны дауыл үйіріп әкетіп, теңіз толқынына қарсы  тұра алмай, суға құлап кетеді.  Махмуд тек құтқарушы матрасқа ғана жармасып үлгереді. Сол құтқарушы матраста Махмуд бір күнін өткізеді. Екінші күні бір топ дельфин Махмудты тауып алып, матрасын жағаға қарай итерген көрінеді. Дельфиндердің әрекетін жағадағы халық байқап қалып, соның арқасында Махмуд бір ажалдан аман қалады.

Дельфиндер өте қызыққұмар әрі ақылды болып жаралған. Дегенмен олар тек қана адамдарды құтқаруға асықпайды. Олар жыбырлаған кез келген нәрсені (қалқыған ойыншық, жүзіп жүрген ағаш т.б.) жағаға итеріп шығарып тастайды екен. Оларды да өздері сияқты тұншығып, дем ала алмай қалады деп санайтын шығар...

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: mail.ru

Massaget.kz



923
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться