ON.KZ командасы  >   Бөлмені өз қолымызбен сәндейік

Бөлмені өз қолымызбен сәндейік

rss ON.KZ командасы 27 мая 2013
ON.KZ командасы
 

 

Естеріңізде болса, бөтелкеден шамшырақ жасау туралы, ескірген компьютерден түрлі заттар жасауға болатыны жөнінде айтқан едік. Үйге аса қажет он қарапайым затты да қолданып жүрген шығарсыздар?

Үйдің қабырғасын өз қиялыңызға сүйеніп сәндегіңіз келсе, біз сізге көмекке келеміз. Қабырғаға сөре ілместен бұрын, мына бір безендіру түріне көз жүгірте отырыңыз. 

Ол үшін бізге мынадай құралдар керек:

  • Қағаз
  • Қайшы
  • Түйреуіш
  • Қалам
  • Фанера қағазы
  • Сызғыш
  • Сыр мен сыр жаққыш.

Енді іске кірісейік. Алдымен қағазға шаблон сызып аламыз. Өзіңіз қалаған кез келген форманы таңдай беріңіз. Сызып болған соң, қиып, бояймыз. 

создаем украшение стены

 

Түрлі сурет, қағаздардың ілгіші болып қана қоймай, бұл безендіру түрі үй ішіне ерекшелік тарту етіп тұрары сөзсіз. Үй интерьеріне бұдан басқа да түрлі идеялар қолдануға болады. Жаңа аптада бөлмеңізді жаңартып, жексенбіні есте қаларлықтай етіп өткізіңіз! 



846
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться