Сообщества  >   Қауіпті махаббат
Қауіпті махаббат
Владелец

Участники (10)

все
* Meirzhan Мейіргүл Оңғарова Дәулет  Тлеухан Нургуль Раисакызы Арай Смағұл Ғаламарт- Ұлттық аспаптар жасау орталығы Айқаракөз ... Жамал Далабай Айжан Нұрланқызы Айдана Аханкызы

Қауіпті махаббат

«Қауіпті махаббат» телехикаясы – түрік әдебиетінің классикасы, жазушы Керим Надирдің «Құс жолы» романының желісі бойынша түсірілген.

Альбомы (1 альбом)

Видеоальбомы (3 видеоальбома)

Стена (1)

  • 31 арна телеканал31 арна телеканал 01 ноября 2011, в 16:02:31
    Балаң жігіт Неджат, бөлесі Зюлалға ессіз ғашық болады. Сұлу да еркін, әрі өжет ару бозбаланы көзіне де ілмейді, тіпті мүмкін болса оны кемсітіп қалуға бар. Әдемі кештердің бірінде Неджат қызға сезімін білдіреді. Алайда, Зюлял жігіттің бұл қылығын күлкіге айналдырып, тіпті бозбаланы елемейтінін дәлелдей түсу үшін, оның жақын досына тұрмысқа шығады. Ал, Неджат болса жүрек түкпірінде жатқан жанды ұмыту мақсатында, басқа қалаға қоныс аударады.
    Жылдар өте береді...
    Зюлялдың отбасылық өмірі баянды болмады. Жарым деп сенген жанның опасыздығын көрген ол, ажырасып кетеді. Тек, осыдан кейін ғана бойжеткен Неджаттың өзіне деген адал махаббатының бағасын түсінеді. Тіпті, осы жылдар бойы жүрек түбінде бөлесіне деген беймәлім жылылық болғанын сезінеді. Өзін шын пейілімен сүйген Неджатты кезінде елемегеніне өкінеді.
    Осы уақытта Неджат әкесін соңғы сапарға аттандыру үшін, туған қаласына келеді. Зюлял мен жігіт зират басында кездеседі. Арада жылдар өтсе де, бойжеткеннің тұрмыс құрғанына қарамастан Неджаттың оған деген сүйіспеншілік сезімі титтей де әлсіремеген еді....

    Бірнеше жыл бір-бірінен алыста жүріп, шалыс басып, өмірдің мәнін түсінгеннен кейін ғана сүйген жүректер мәңгілікке қосылады.



    Түрікше атауы: Samanyolu
    Жанры: мелодрама
    Жарыққа шыққан жылы: 2009
    Елі: Түркия
    Басты рөлдерде: Озкан Дениз, Вильдан Атасевер, Хулия Дарджан, Хатидже Аслан, Айча Бингёль, Кенан Эдже
    Написать сообщение