Сообщества  >   "Корей толқыны" Қазақстанда  >   Өмірімен де дарынымен де таң қалдырған!

Өмірімен де дарынымен де таң қалдырған!

rss "Корей толқыны" Қазақстанда 21 июля 2011
Anarka Must
 

Қазір Кореяда дарындыларды іздейтін шоуға қатысып, даусымен ғана емес, өмірімен де таң қалдырған Суң Боң Чой есімді жігіт үлкен жаңалық болып жатыр екен (Оңт. Кореядан досым хабарлайды). Бұл бала 3 жасында жетімдер үйіне түсіп, көп таяқ жегеннен 5 жасында қашып кетеді. Сөйтіп сағыз, сусын сатып күнелтеді. Қоғамдық дәретханаларда түнейді, жалпы өте қиын өмір кешеді. Бірақ осы талант-шоуына бағын сынап келіп,  қазылар алқасымен қатар, сол жерде отырған адамдардың көзіне жас алғызады.

Неге әнші болғың келеді деген сұраққа, мен кішкентай кезімде көп азапты күндерді кештім, бір күні сағыз сатып жүргенде түнгі клубтан сахнада ән айтып тұрған әншіні көріп, қатты таң қалдым. Маған өте қатты әсер етті деп айтады. Жалпы видеода ағылшынша субтитрлар бар, түсінуге жеңіл.

Баланың даусы енді керемет. Бағы жанып, k-pop-тың жұлдызына айналар деп сенемін!



511
  • Erkekyz C Erkekyz C 21 июля 2011, в 20:03:57
    Мына көріп отырып, денем түршігіп кетті. Сондай әсерлі. Балаға респект. Мықты талант шығайын деп тұр.
    ответить
    • Anarka Must Anarka Must 22 июля 2011, в 09:14:59
      Ия. Бірақ айтқанының бәрі өтірік болуы да мүмкін дегендер көбейіп жатыр. Анығы бір Құдайға аян. )
      ответить
      • Erkekyz C Erkekyz C 22 июля 2011, в 12:52:20
        Ол да мүмкін. Мынадай дауыспен айту үшін үлкен дайындық қажет қателеспесем., осыған ұқсас «Минута славы»дан көрген едім. Сонда да әсерлі.)
        ответить
  • ON.KZ командасы ON.KZ командасы 22 июля 2011, в 12:58:41
    Нағыз дарын екені көрініп тұр! Бағы жанды деп сенейік!
    ответить
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 22 июля 2011, в 13:02:41
    Ата-ана алақанының жылуы мен мейірімінен айырылған жас өнерпазға жолы даңғыл болсын деп тілеймін. Бір жақтан жапа шегіп, басқа жақтан бағы жанған мұндай жандар аз емес-ті.
    ответить
  • Ади Гинеса Ади Гинеса 22 июля 2011, в 14:18:14
    отырык айтуы мумкын емес сиякты… бала козын тык котермеды, тык карай алмайды кен.
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться