Сообщества  >   "Корей толқыны" Қазақстанда  >   Lee Byung Hun (Ли Бён Хон)

Lee Byung Hun (Ли Бён Хон)

rss "Корей толқыны" Қазақстанда 12 июля 2011
Anarka Must
 

Қазақстан көрермендері Оңтүстік Корейлік актер Ли Бен Хонды жақсы танып қалды. «Нар тәуекел» («All in») сериалындағы ойынынан кейін ол бізде ғана емес, көптеген Азия елдеріне танымал жұлдыздар қатарына қосылды.

Актер Ли Бен Хон 1970 жылы 12 шілдеде дүниеге келген. Алғаш рет кинодағы дебюті 1991 жылы «Asphalt My Hometown» фильмінде болған екен. Кейінірек Ли түскен «Joint Security Area» фильмі хитке айналып, сол кездегі Корея тарихында үздік кассалық фильмдер қатарына енген. 2000 жылы «Pusan Film Critics Awards» марапаттау салтанатында Ли Бен Хон «Ең үздік актер» номинациясында жеңіп шығады. Одан кейін Лидің актерлік қабілетіне бәрі бас иіп, үлкен рольдерді ұсына бастайды. Жалпы бұл оның жалғыз марапаты емес, ол көптеген фильмдегі және дорамалардағы рөлдері үздік деп танылған.

Ли Бен Хон жағымсыз кейіпкердің де рөлін сомдаған. 2008 жылы «The Good, the Bad, the Weird» фильмі Канн кинофестивалінде көрсетіліп, критиктермен жылы қабылданған. Сол премьераға Ли өзі де қатысып, қонақ болған. 2007 жылы Ли Бен Хон Стивен Соммерстің «Бросок кобры» («G.I. Joe: The Rise of Cobra») фильмінде Сторм Шэдоудің рөлін сомдаған. Фильм 2009 жылы жарыққа шығып, Лидің Голливудтағы дебюті болып саналды.

2009 жылы қазан мен желтоқсан аралығында телеэкранға «Iris» дорамасы жарыққа шығады. Бұл Лидің 6 жылдан кейін дорамада қайта ойнауы. Сериал үлкен рейтингпен өтеді. 40 пайыздан 30 пайыздық көрсеткіш – бұл үлкен жетістік болып саналады. Осы дорамадағы рөлі үшін Ли Бен Хон тағы да «үздік актер» номинациясын жеңіп алады.

2010 жылдан бері ол Kim Ji-woon-нің «I Saw the Devil with Choi Min-sik» фильмінде түсірілімде жүр. Премьерасы осы 2011 жылға жоспарланып отыр. Одан кейін «Бросок кобры 2» фильміндегі Сторм Шэдоудің рөліне қайта оралмақ. Түсірілім осы жылдың маусымында басталып, келесі жылы тамыз айларында киноэкранға шығады.

Лидің BH Entertainment деп аталатын өзінің жеке продюсерлік орталығы бар. Оның қарамағында Han Hyo-joo, Jin Goo, Han Chae-young және Hyun Jyu-ni сияқты актерлер жұмыс жасайды. Сонымен қатар Ли «BHNC» деген түрлі акссесуарлар сататын дүкен ашқан. Ол жердегі сатылатын шляпа, шарф, әмиян және т.б. дизайнын көбіне өзі құрастырады. 2008 жылы Жапонияға «Itsuka» («Әйтеуір бір күні») деп аталатын альбомын ұсынады. Альбом толығымен жапон тілінде, альбомдағы әндермен Жапонияда беделді композитор Ясуши Акимото айналысқан екен. Сөйтіп актерлік дарыны ғана емес әншілік дарынын да сынап көреді. Корея музыка біріншілігінде үшінші орынға дейін көтерілген.

Лидің өзінен 8 жас кіші Lee Eun-hee деген қарындасы бар. Ол 1996 жылы «Мисс Корея» жүлдегері. 1997 жылы «The Harmonium in My Memory» фильміне түсіп жүргенде, әкесі Lee In-chul өмірден озады. Ұстанатын діні – будда, батыста оны көбіне Брайн деп атайды екен.

Ол Daewang бастауыш мектебін, Youngdong орта мектебін, Joongdong жоғары мектебін, Hanyang Университетін (Француз әдебиетімен қосалқы) және Graduate School of Chung-Ang University (Театр және киноөнері факультеті) тәмамдаған.

Басы бос. Жеке өмірінен жұртқа Сон Хе Ге-мен болған романы жайлы танымал. Олар 2004 жылы айрылысып кеткен. Сонымен қатар Канадалық бір модельмен сөз жарастырып, модель Канададан Оңтүстік Кореяға сол үшін қоныс аударып келеді екен. Кейін ажырасып кеткен соң, модель Ли Бен Хонның үстіне арыз жазған: "Үйленуге уәде берген — үйленбеді, материалдық шығын төлсесін" — деген сарында.

Тағы бір айта кететін жәйт, Ли Бен Хон ойнаған «I saw the devil» фильмі Тимур Бекмамбетов ұйымдастыратын «Евразия» экшн-фильмдер кинофестивалінде көрсетілген.

Қосымша ақпарат:

Есімі: Ли Бён Хон / Lee Byung Hun / 이병헌 (Lee Byeong Heon)
Туылған жылы: 12 шілде 1970 жыл
Туылған жері: Сеул, Оңтүстік Корея
Мамандығы: актер және әнші
Бойы: 178 см
Салмағы: 68 кг
Отбасы: анасы және қарындасы
Хобби: Саяхаттау, шляпалар коллекциясы

Фильмография:
2010 – I Saw the Devil
2010 – The Influence / Влияние
2009 – Joe / Бросок кобры
2008 – I Come with the Rain / Я прихожу с дождем
2008 – The Good, the Bad, the Weird / Хороший, плохой и долбанутый
2007 – Hero / Герой
2006 – Once in a Summer / Summer Story / Однажды летом
2005 – A Bittersweet Life / Сладко-горькая жизнь
2004 – Three… Extremes (segment “Cut”)
2004 – Everybody Has Secrets / У каждого есть секреты
2002 – Addicted / The Poisoning / Одержимость
2002 – My Beautiful Girl, Mari (аниме, озвучка)
2001 – Bungee Jumping of Their Own / Прыжок с тарзанки
2000 – Joint Security Area
1998 – Organ of My Heart / Орган моего сердца
1998 – Ji sang man ga
1996 – Kill the Love
1995 – Run Away
1995 – Who Drives Me Mad?

Дорамалар:
2011 – Diplomat Kuroda Kousaku / Дипломат Курода Косаку (Япония)
2009 – IRIS / Айрис
2003 – All In / Ва-банк
2001 – Beautiful Days / Чудесные дни
2001 – Road
1999 – Sally is Back
1999 – Sunflower
1999 – Happy Together / Счастливы вместе
1998 – White Nights 3.98
1997 – White Sand
1997 – I Do
1997 – Beautiful Lady
1995 – Son of Wind
1995 – Asphalt Man
1994 – Fragrance of Love
1993 – Police
1992 – The Sorrow of the Survivor
1992 – Tomorrow Love
1992 – Dawn
1992 – Days of Sunshine
1992 – Wild Sunflower
1991 – Flower That Never Wilt
1991 – Family
1991 – Asphalt My Hometown, Asphalt

Марапаттаулары:
2010 Style Icon Awards: Style Icon of the Year
2010 Tokyo Drama Awards – Best Actor in Asia for IRIS
2010 5th Asian-Pacific Producers Networks Awards – APN Award
2010 46th Paeksang Arts Awards: Best Actor (TV category) for IRIS
2010 Green Planet Movie Awards – 10 Best International Actors of the Decade (Asia)
2010 5th Asia Model Festival Awards: Asia Star Award
2009 KBS Drama Acting Awards: Grand Prize (Dae Sang) for IRIS
2009 KBS Drama Acting Awards: Netizen Popularity Award for IRIS
2009 KBS Drama Acting Awards: Best Couple with Kim Tae-hee for IRIS
2009 30th Blue Dragon Film Awards: Popularity Award
2006 42nd Baek-sang Arts Award: Best Leading Actor for “Once in a Summer”
2005 Busan Cinema Critics Award: Best Leading Actor
2003 39th Baek-sang Arts Award: Best Performing Actor for “All In”
2002 38th Baek-sang Arts Award: Best Performing Actor
2001 SBS Drama Awards: Best Performing Actor
2001 Blue Dragon Awards: Most Popular Actor
2000 Busan Cinema Critics Award: Best Leading Actor
1996 KBS Drama Awards: Best Performing Actor
1995 KBS Drama Awards: Best Performing Actor
1993 KBS Drama Awards: Best Performing Actor
1992 KBS Drama Awards: Best Performing Actor

Дискография:
Альбомы:
leebyunghun – To Me (1999, South Korea)
Сингл:
“Someday” (Japanese: “いつか”, Korean: “언젠가”) (2008, Japan)



867
  • Кәусар * Кәусар * 26 октября 2011, в 13:29:59
    Осы әлі үйленбей жүр ме?
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться