Сообщества  >   "Корей толқыны" Қазақстанда  >   Оңтүстік Корея 2018 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу мәртебесіне ие болды

Оңтүстік Корея 2018 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу мәртебесіне ие болды

rss "Корей толқыны" Қазақстанда 7 июля 2011
Anarka Must
 

Оңтүстік Корея осыған дейін 1988 жылы Жазғы Олимпиада ойындарын өткізген болатын. Енді 2018 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындары Пхёнчхан қаласына міндеттеліп отыр.

New York Timesкорреспонденті Джери Лонгманның айтуы бойынша, «2010 жылы Сочи 2014 жылдың Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуді жеңіп шыққаннан кейін Пхёнчхан ең басты кандидаттардың бірі болды. Пхёнчхан қысқы ойындардың бірнеше түрлерін ұсынып, 2018 жылға өз кандидатурасын бекітті».

Жасырын дауыс берудің бірінші бөлімінде Халықаралық олимпиада комитетінің мүшелері Мюнхен мен Аннесиді де (Франция) кандидат ретінде қосқан екен. Қорытынды дауыс беру ХОК-тың мүшелерінің жиналысымен Оңтүстік Африканың Дурбан қаласында өтті. Пхёнчхан қаласы Азияда Қысқы Олимпиада ойындарын өткізген үшінші қала болады. Бұған дейін 1968 жылы Саппорода (Жапонияда) және 1998 жылы Наганода (Жапония) өткен болатын.

Сәттілік тілейміз, біздің Алматы қаласы да бір күні осы мәртебеге ие болар… )



732
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 07 июля 2011, в 13:01:32
    Жақсы жаңалық екен! Енді жатпай-тұрмай дайындалатын шығар. Күшті шара болатынына шүбә келтірмеймін. Иншаллах, сол күнге жетейік
    ответить
    • Anarka Must Anarka Must 07 июля 2011, в 14:21:27
      Ия, Алла жазса.
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться