Сообщества  >   "Корей толқыны" Қазақстанда  >   Интервью с Ли Мин Хо / Ли Мин Хомен сұхбат

Интервью с Ли Мин Хо / Ли Мин Хомен сұхбат

rss "Корей толқыны" Қазақстанда 28 июня 2011
Anarka Must
 

Қазіргі уақытта трансляцияда жүрген «Қала тыңшысы»(«City hunter») дорамасы ел назарын өзіне баурап отыр. Өйткені басты рөлдердің бірін сүйкімді актерлер Ли Мин Хо мен Пак Мин Йоң ойнайды. Дораманың қыза түскен уақытында Ли Мин Хо Me2Day әлеуметтік желісіне сұхбат беріп те үлгеріпті. Сол сұхбаттан қысқаша аудармасын сіздерге ұсынамын:

Ли Мин Хо мырза, «City hunter» дорамасына түсу үшін сыртқы пішініңізге, стиліңізге өзгерістер керек болды ма?

Рөлге дайындықтан бастап ептілігім мен мықтылығымды арттыра бастадым. Экшн көріністер үшін фитнесспен айналыстым. Оқиға өрбіген сайын кейіпкерім Lee Yoon-sung-ның ішкі жай күйіне ене бастадым, оның жалғыздығы, қасіретін сезініп, және де оны көрсетпеуге тырысатын екінші жағын да үйрендім. Жалғасы...

Экшн көріністер өте көп. Дайындыққа қанша уақыт кетті? Болашақта тағы одан да қиын көріністер бола ма?

Бастапқы көріністерден-ақ физикалық жаттығулар мен күрес-тартыстқа көштім, сол себепті көп машықтандым. «City hunter»-де бірнеше қызықты экшн-көріністер бар, мысалы «қасықпен экшн» деп аталатын көрініс. Болашақта көруді жіберіп алмаңыздар ))

Түсірілім барысында Тайландта көп тұрақтап қалдыңыз. Ауа-райына, тамағына үйренісуге қиын болмады ма?

Осыған дейін Тайландта бірнеше рет болғанмын, керісінше демалып, рахаттанамын. Бірақ расымен өте ыстық болған кездер болды, температура 37 градусты көрсеткен кездер де. Бәрімізге соған үйренісуге тура келді.

Сіз түскен жұмыстарыңыздан қай кейіпкердің образы сізге ұнайды?

Қазіргі кейіпкерім Lee Yoon-sung. Бөліп жарғым да келмейді, әрбір кейіпкермен байланысым бар ғой.

Кейіпкерлеріңіздің образына қатты берілесіз бе?

Қатты берілемін. Бірақ дорама мәресіне жеткен соң демалып, өз-өзіме келіп, басқа жұмыстарымды бітіріп жүре беремін, образдан шығу қиын емес.

Бос уақытыңызды қалай өткізесіз? Кіммен өткізгенді қалайсыз?

Ерекше ештеңе жоқ, фильмдер қараймын, үй тірліктері, ойындар ойнаймын. Мектептен бергі досым Jung Il-woo немесе Kim Bum-мен бірге тамақтанып қайтамын, кейде оларды отбасымның мүшелері алмастырады.

Сізбен бірге басты рөлдерде ойнаған актрисалар (Gu Hye-sun, Sohn Ye-jin, Park Min-young) көбінесе сізден үлкен болды. Осы күні Park Min-young-мен жұмыс қалай жүріп жатыр?

  

Бұл менің әлі де жас екенімді білдіре ме? Негізінде өзімнен үлкен көптеген актрелермен істес болдым. Сонымен қатар Park Min-young-мен біраз бұрын, 20 жасымда тағы бір дорамада бірге ойнағанбыз. Қуанышыма орай «City hunter»-де менен де жас актерлер бар, сол себепті де атмосфера да жарқын.

Досыңыз Ким Бум «City hunter» жайлы қандай ойда?

Екеуміз де көріністерді жасаудың қаншалықты қиын екенін білеміз. Сол себепті ол көбіне «Өзіңе абай бол» деп қамқорлығын білдіреді.

Өз-өзіңіздің сымбатыңызға тамсанатын уақыт бола ма?

Мэйкап пен гримды жуған соң ба? ))) Бір кездері өзіңе тамсанасын, кейбір кезде өзіңе қарап: «Неткен ұсқынсызсың!» — дейтін кездерім де болады.

«Жігіттің сарбаздарынан» (Boys over flowers) кейін көшеде емін-еркін жүріп көрдіңіз бе? Қоғамдық көлікке мініп деген сияқты?

«Жігіттің сарбаздары» дүркіреп тұрған уақытында өте қиын болатын. Одан кейін промоакцияларға қатысу үшін шетелге кеттім. Бір күні қызметкерлермен кетіп бара жатсам, бір корей азаматы жақындап: «Сіз Ли Мин Хо емессіз бе? Мұнда неғып жүрсіз?» — дейді.  Бұл расымен күлкілі жағдай болды, өзім де біртүрлі болдым. Ал қазір емін-еркін, жалғыз жүре беру аса қиын емес.

Өзіңізді жайсыз сезінгенде көңіліңізді көтеру үшін не істейсіз?

  

Көңіл-күйім түсіп кетсе аз сөйлеуге тырысамын, көбінесе ұйықтап тұрған соң бәрі дұрыс болып кетеді. Жұмыс көп болғандықтан бұл іске аспай қалады. Сондықтан позитивті ойлап, жаман ойларды ысырып тастауға тырысамын.

Болашаққа қандай жоспарлар?

Бар ойым осы «City hunter»-дегі рөлімді жақсы алып шықсам. Ал ол біткен соң фильмге түсуді ойлап жүрмін.

(с)dramabeans

Талқылау



4857
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 28 июня 2011, в 13:23:29
    Әдемі жігіт екен)
    ответить
    • Anarka Must Anarka Must 28 июня 2011, в 13:38:11
      Жас қыздар бекер сынып жүрген жоқ )))
      ответить
      • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 28 июня 2011, в 13:59:40
        Жас болсам да, сынғаным шамалы))))))))))))
        ответить
  • н и к т  о н и к т о 29 июня 2011, в 12:02:09
    красавчеГ
    ответить
    • айдана тайранова айдана тайранова 26 сентября 2011, в 22:36:35
      салеметсиздерме! мен Ли мен хо мырзанын фанаткасымын.мумкин болса онын логинин бересиздерме алдын ала рахмет
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться