Сообщества  >   "Корей толқыны" Қазақстанда  >   Ұлдар кімге ғашық, не, қыздар қандай болуы керек?

Ұлдар кімге ғашық, не, қыздар қандай болуы керек?

rss "Корей толқыны" Қазақстанда 20 июня 2011
Anarka Must
 

Құдайға шүкір, көп көрмесін, менің інілерім жетерлік. Туған екі інім, және де әкемнің інілерінің ұлдары. Ең тұңғыш немере мен болған соң, менен кейін бәрінде ұл туыла берді. Сосын мен айтатынмын, менің ойнайтын сіңлім жоқ болды ғой, неге ұл туа бересіңдер деп кәдімгідей ренжитінмін.)) Қазір қарап тұрсам, ұлдар болғаны қандай жақсы. Қыздар болса, ақыр аяғы ұрсысасың, сонымен қатар азғантай бәсекелестік те болар ма еді… Жалпы қыздар болса қалай болатынын елестете де алмаймын.

Алдында сол үйде отырып, Youtube-тен корей видеоларын қарап отырғам. Бір топ інілерім келіп қалып, бәрі менің Girls’ Generation (екінші атауы – SNSD) тобының қыздарын көріп жатқан видеома тесіле қалды. Одан кетті ғой дейсің, мынаусы әдемі, жоқ мынаусы, ал маған мынау ұнайды, мәә, жынды қыздар екен, т.б. Содан кейін әрбір клиптерін қарап, әрқайсы қыз таңдай бастады.

Бұл тоғыз қыздан тұратын Girls’ Generation тобында кілең даусы да, түрі де, фигурасы да керемет қыздар жиналған. Бір жағынан ойлайм да, кәрістер жасөспірім қыздарға үлкен планка қойды деп ) Өйткені көбі әлбетте еліктейтін болады, әрі жігіттер арасында да SNSD-дан кім ұнайды деп әңгіме арасында талғамдарын сынап алатын көрінеді.

Маған осы топтың «Run Devil Run» өлеңі ұнайды. Маған ғана емес, осы күнге дейін бұл өлеңге клипты ғаламторда жиырма миллионға жуық адам тамашалапты. Көбі клиптен эстетикалық ләззат алатын сияқты, әйтеуір өзіме сондай.

Бұл топ жайлы басында «We got married» ток-шоуының екінші сезонында топтың мүшесі Seo Hyun қатысқаннан білдім. Ол тағы да бір танымал «C.N.Blue» тобының әншісімен жұп құрады. Негізі екінші сезон біріншісіндей аса қызық емес. Өздері айтпақшы, айдолдарды қатыстырып қойған, ал олар жас жұбайлардан гөрі, қыз бен жігіт қарым-қатынасын ойнап жүр. Бірінші сезоннын бір қатысушысы айтқан екен, «Шоуды, «Біз үйлендік» емес, «Біз кездесіп жүрміз» дегенге ауыстыру керек» – деп, дұрыс айтқан сияқты. Жалпы бұл басқа әңгіме, сөзден сөз шығып жатқан соң. Ал әзірге сол өзіме ұнайтын Run Devil Run әніне клипты ұсынамын. Қарап, бағасын берерсіздер деген ойдамын.

Қосымша ақпарат:

Girls’ Generation (Hangul: 소녀시대; Hanja: 少女時代) – 2007 жылы SM Entertainment құрған тоғыз қыздан тұратын Оңтүстік Корейлік топ. Топтың мүшелері: Yoona, Tiffany, Yuri, Hyoyeon, Sooyoung, Seohyun, Taeyeon (лидер), Jessica, Sunny. Girls’ Generation фанклубы көбіне топты SNSD деп атайды – бұл абревеатура топтың корей тіліндегі атынан қысқартып алынған So Nyeo Shi Dae (қытайша топ Shaon Shidai деп аталады). Топтың қыздары топқа келгенге дейін шоу-бизнестің аймағында актриса, диджей, фотомодель ретінде еңбектеніп жүрген. Girls’ Generation Кореяда альбомдарының 100,000 данасын сатқан және де 2002 жылдан бері құралған ең бірінші қыздар тобы болып саналады.

Пы.Сы. Қыздар бәрі бір-біріне ұқсайды демеңіздерші. Бәрі әртүрлі. Макияж бен киім болмаса, сүйкімді индивид қыздар. ))

      



8246
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 20 июня 2011, в 12:23:31
    Расымен де, сұлу қыздар екен))
    ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 24 июня 2011, в 23:54:20
    Топта ауызбіршілік бар ма екен. әй, қайдам. м-да, Кореяда жұлдыз жасау ісі дұрыс жолға қойылған ғой деймін. Жұлдыздардың саны да көп өздерінің, соған байланысты бәсеке де қатты шығар. Бәрі де экономикаға байланысты ғой.
    Осы маған корей әншілерінің стилі америкалық әншілерге ұқсайатын сияқты. Әсіресе бойс-бэндтер. Бірақ оның есесіне өте сапалы. Тіпті жарнаманың өзін бейнебаян сияқты түсіргенін көргенде таң қалдым. (Гу Чжун Пеның жарнамаға түсуін айтып отырмын)
    ответить
    • Anarka Must Anarka Must 25 июня 2011, в 11:50:27
      Бәсекелестік бар шығар, сонымен қатар графиктері де өте тығыз екенін естігенмін. Шаршағаннан талып қалыпты деп жаңалықтарда да жүреді. Ақша әкелетін, әрі бәсеке бар болған соң тапжылмай еңбек етеді ғой. Сапа да осыдан шығады.
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться